БЖЗҚ зейнетақы активтерін шетел банктерінің депозитіне инвестициялай бастады

БЖЗҚ  зейнетақы активтерін шетел банктерінің депозитіне инвестициялай бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін шетел банктерінің депозитіне инвестициялай бастады. Жалпы инвест-портфельде олардың үлесі 5 пайызды құрап отыр. Жыл басынан бері қордың инвестициялық табысы 500 миллиард теңгеге жуықтаған. Ал, жеке зейнетақы шоты бар салымшылардың саны 10 миллионнан асқан. Бүгінде зейнетақы қоры электронды қызмет алу мүмкіндігін жетілдіруді қолға алуда. Қазір оның үлесі 40 пайызды құраса, 2021 жылы 55 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта жыл аяғына дейін азаматтардың көрсетілетін қызметті қолжетімді ету үшін 10 шақты арнайы терминалдар қойылмақ. Одан бөлек, келесі жылдан бастап жаңа қызмет түрі енгізілмек.

«Біз өзіміздің операциялық бөлімшелерімізден неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерімізді таңдап, әр бөлімшеде бірнеше адам осы жұмысты нақты атқаратын болады. Демек, біздің мақсатымыз әр адамға жеке зейнетақы кестесін жасау. Әр адамға кешенді түрде өзінің зейнетақы жоспарын жасау», - деді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы Нұрбүбі НАУРЫЗБАЕВА.

Қараша айына дейін зейнетақы жинағының көлемі 7,58 триллион теңгеге жетіпті. Ал, кіріс жыл басынан бері 897 миллиард теңгеге өскен. Атап өтерлігі, өткен айда қордың директорлар кеңесі корпоративтік даму стратегиясын бекітті. 

«Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаларына сәйкес дайындалған жаңа стратегиялық құжат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттырып, қаржылық тұрақтылығын дамытуға қызмет ететін болады. Сонымен қатар, қор алдында әлемдік талапқа сай, қызмет көрсету зейнетақы жоспарлау мәдениетін арттыру және де жинақтау жүйесін жетілдіру бойынша заңнаманы жүзеге асыру туралы міндеттер де тұр», - деді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымы.


Новости партнеров