|
21.11.2017 | 16:47
2650

Алматыда жоғары жылдамдықпен жүретін автобустарға арналған жолақ салынбақ

Алматыда жоғары жылдамдықпен жүретін автобустарға арналған жолақ салынбақ

Жүйрік те, жүрдек автобустар. Қоғамдық көліктің қатынауын тездету үшін Алматыда жедел автобус жолағы бағытының алғашқы жобасы іске қосылды. Жоғары жылдамдықпен жүретін автобустарға арналған БРТ желісі қала бойынша 2020-жылға дейін салынып бітпек.

Бұл бастама қалалықтардың  көптен күткен жаңалығы. Ақыры, БРТ бағыты іске қосылды. Әзірге мұндай мүмкіндік Мұстафин, Рысқұлбеков және Сүлейменов көшелерімен жүретіндерге берілмек. Бас-аяғы 8 жарым шақырымды арнайы жол 1-ші желтоқсанға дейін тестік режимде жұмыс істейді. Ал қыстың алғашқы күнінен бастап, арнайы жол белгілері қойылмақ. Қала әкімі Бауыржан Байбек жаңа жолдың жұмысымен тікелей таныстып та үлгерді. Енді 3 жылдың ішінде жоғары жылдамдықпен жүретін автобустарға арналған жол ұзартылатын болады. 

«Біз жоғары жылдамдықпен жүретін автобустарға арналған жолдың толыққанды құрылысын 2020 жылы аяқтайтын боламыз. Ол шашамен 22 шақырымды құрайды. Бұл жоба қала тұрғындары мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне өте ыңғайлы», - деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.

Бұл бағытпен жүретін басқа көліктердің тоқтауына, немесе одан өтуіне тыйым салынады. Ал арнайы жолақтан байқаусызда өтіп кетіп, ережені елемегендерге алғашқы он күн бойы ескерту ғана беріледі. Жаңа жолмен жүретін автобустардың аралығы 5 минутты құрауы қажет. 

Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды. Келесі жылдың жазында Жандосов пен Тимирязев көшелері бойында екінші BRT бағытын салу жұмыстары басталмақ. Ал 2020 жылы  бұл жобаның құрылысы  толықтай тәмамдалғаннан кейін, қоғамдық көлік күніне кем дегенде  147 мың жолаушыны тасымалдайтын қауқарға жетеді. Ал жоғары жылдамдықпен жүретін арнайы автобус жеңіл автокөліктен 6 есе қауіпсіз екен.

Әйкерім Ердәулетқызы, Рашиддин Якупов, "Алматы" телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир