Шетелдік тілшілер еліміздің мәдениетімен танысу үшін Қазақстанға арнайы келді

Шетелдік тілшілер еліміздің мәдениетімен танысу үшін Қазақстанға арнайы келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік тілшілер еліміздің мәдениетімен танысу үшін Қазақстанға арнайы келді. Пресс-турға әлемнің 15 мемлекетінен 20-дан астам журналист қатысты. Алты күнге созылған сапар кезінде олар Астана, Шымкент және Алматы қалаларындағы көрікті жерлер мен музейлерді аралады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет өткізілген шараға әсіресе Америка, Бразилия және Мысырдың тілшілері аса қызығушылық танытқан көрінеді. Болашақта пресс-турдың бағдарламасы жетілдіріліп, басқа елдің мәдениет және туризм саласында жазатын блогерлер мен тілшілері де шақыртылмақ.

Оларға арнайы «Жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстанда қолға алынып жатқан шаралар жөнінде жан-жақты түсінік беру мақсатында және Қазақстанның төл дәстүрі,  мәдениетімен таныстырумен қатар, қазіргі заманауи мәдениетіміздің дамуы жөнінде яғни Қазақстанның жаһандық мәдениетінің дамуына қосып жатқан үлесі жөнінде түсінік беру үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырғанбыз», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Асқар ӘБДІРАХМАНОВ.

Шетелдік тілшілер Алматыда екі күн болады. Олар Әбілхан Қастеев атындағы музейді, ұлттық қолөнершілер көрмесін тамашалады. Содан кейін Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау-шаңғы кешеніне қыдыруға аттанды. Пресс-тур арқылы ұйымдастырушылар туристердің санын арттыруды көздейді. Сондықтан осындай шараны жыл сайын өткізбек. Еске сала кетейік, биыл Қазақстанға келген туристердің саны 21 пайызға артқан.


Новости партнеров