Алматыда BRT жүрдек автобустар жолының алғашқы желісі пайдалануға берілді

 Алматыда BRT жүрдек автобустар жолының алғашқы желісі пайдалануға берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1-ші желтоқсаннан бастап,  BRT жүрдек автобустар жолының алғашқы желісі пайдалануға берілді. Жоғары жылдамдықпен жүретін автобустар жолы қала бойынша 2020-жылға дейін салынып бітпек. Алдағы 3 жылда автобустарға арналған жол ұзартылып, бас-аяғы 22 шақырымнан асып жығылмақ. Тағы қандай көшелерде жүрдек автобустар жүйіткейтінін Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол инфрақұрылымы бөлімінің басшысы Ернұр Абжахан айтып беруге дайын. Ернұр Сағатханұлы, студиямызға қош келдіңіз! Алғашқы сұрақ. BRT жобасы несімен тиімді? Оның арнайы жолақтан қандай айырмашылығы бар?

Қайырлы кеш! BRT желісінің арнайы жолақтан айырмашылығы дәліз бойынша жоспарымен ерекшелінеді. Сондай-ақ, BRT дәлізінде тек қана арнайы жолақ ғана емес, бағдаршамдарды жөндеу жұмысы, велосипед жолы, жаяу жүргіншілер жолы және жаңа жүйеге сай аялдамалар  қарастырылған.   

Жүрдек автобустар қашан алынады? Сондай-ақ, алғашқы кезекте Рысқұлбеков, Мұстафина, Сүлейменов көшелері таңдалып алынды?

Қазіргі таңда BRT жілісінің алғашқы ағыны іске асырылуда. Ол Орбита шағынауданынан бастап, Рысқұлбеков, Мұстафина, Сүлейменов, Желтоқсан көшесіне дейін жоспарланған. Соның бірінші учаскесі биылғы жылы іске асырылды. Бұндағы ерекшелік аялдамалардың арнайы жолақтың бойында орналасуында.

Алдағы уақытта тағы қандай көшелерде жүрдек автобустарға арналған жолақтар пайда болады? Бұл еліміздегі бірегей жоба болғанымен, шетелдік тәжірибеге сүйенген тұстары бар ма? 

Келесі жылы осы биыл жасалып жатқан бірінші учаскенің екенші бөлімі жасалатын болады. Олар Жандосов пен Тимирязев көшесінің бойында жасалады. Қазіргі таңда BRT желісінің екенші құжаттамалық сметасы әзірленуде. Алда Желтоқсан мен Төлеби, Төлеби мен Шығыс айналма жолына дейін және Шығыс айналма жолымен қала шекарасына дейін жасалмақ.

Әңгімеңізге Рахмет!

Новости партнеров