|
04.04.2018 | 11:05
1424

Петропавлда героин сатпақ болған жігіт ұсталды

Петропавлда героин сатпақ болған жігіт ұсталды

Петропавлда героин сатпақ болған 27 жастағы жігітті Солтүстік Қазақстан облысы нарко-бизнеске қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Нәтижесінде Петропавл қаласы Парковая - Ульянова көшелерінің қиылысында наркотик саудаламақ болған тұрғынның қалтасынан 10 граммға жуық героин табылған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Есірткіге қарсы қызметкерлердің сөзінше, шамамен 10 грамм героин орташа есеппен 30 дозаға тең. Ауыр есірткінің мұндай көлемі 25 адамды героинге тәуелді етуге жеткілікті. Солтүстік Қазақстан облысы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ақпараты бойынша, жыл басынан бері 99 құқық бұзушылық анықталыпты. 

«2018 жылы облыс аумағында ІІД заңсыз есірткі айналымына қарсы 99 құқық бұзушылық пен 29 қылмыс анықталды. Оның 13-і ауыр және аса ауыр қылмыс түрлеріне жататын қылмыстар. Заңсыз айналымы 55 кг тарта түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды. Оның ішінде 220 граммнан астам героин есірткі алынды. Бұл қылмыстарды жасағаны үшін 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жедел уәкілінің міндетін атқарушы Ерлан ӘДІЛБЕКОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир