Алматыда «Наурыз - 21» атты Қазақстандағы жалғыз заманауи музыкалық фестиваль өтіп жатыр. Жетінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Еуропаның классикалық музыканттары - Сальваторе Шаррино және Тосио Хосокава арнайы келген. Одан бөлек фестивальде Франциядан, Австрия, Италия, Ресей, Израильден келген симфониялық оркестрлер өнер көрсетеді. Мұндай ауқымды концерт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп отыр. Айта кетейік, «Наурыз-21» заманауи музыка фестивалі Алматыда 2004 жылдан бері өткізіліп келеді.
«Мақсаты - мәдениет. Ең үлкені мәдениет. Мәдениеттің деңгейі. Өйткені сондай фестивальдар, мысалы, Мәскеуде, Санкт-Петербургта, басқа республикаларда, жиі өтеді. «Сіз сондай жоғары деңгейге көтердіңіз» деп қонақтар айтып жатыр», - деді Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния ӘУБӘКІРОВА.