Ұшқыш ұшаққа мас күйінде отырған: қазақстандық әуекомпания өз жұмысын тоқтатты

Ұшқыш ұшаққа мас күйінде отырған: қазақстандық әуекомпания өз жұмысын тоқтатты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Азаматтық авиация комитеті қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін "Қазавиа" компаниясының лицензиясын қайтып алды, деп хабарлайды Sputniknews.

Алматы облысында былтыр жазда апатқа ұшыраған Як-12 ұшағына қатысты оқиғаны тергеу нәтижесінде, компания жұмысы тоқтатылды.

Ұшақ командирі мас күйінде штурвалды басқарған. Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті сертификациялық талаптарды бұзғаны үшін, биыл 25 тамыздан бастап «Қазавиа» ҰАК» ЖШС-нің жұмысын тоқтатты.


25 тамызға дейін әуекомпания қол астындағы қызметкерлер мен салық органдары алдында қарызын өтеуі тиіс. Сонымен бірге азаматтық авиация органына эксплуатациялық спецификациясы бар авиациялық жұмыстар бойынша куәліктің түпнұсқасын он күн ішінде қайтаруы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр 27 шілдеде Алматы облысы Панфилов ауданында Шолақай ауылына жақын жерде Як-12 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Апат салдарынан екі адам – 54 жастағы ұшқыш пен 39 жастағы жолаушы, шаруа қожалығының басшысы Мәсімжан Мәсімов қаза тапқан болтын.


Новости партнеров