Питер Фостер өзіне тағылған айыптың шындыққа жанаспайтынын айтты

Питер Фостер өзіне тағылған айыптың шындыққа жанаспайтынын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Монополияға қарсы ведомство қызметкерлерін «Эйр Астана» өз кеңсесіне кіргізбегенін компания басшысы шындыққа жанаспайтын ақпарат,- деді. Айта кетейік, Монополияға қарсы комитет сайтында осыдан екі күн бұрын, ұлттық әуетасымалдаушының билеттерге монополиялық жоғары баға белгілеуіне орай тергеуге келген мамандарды компания кіргізбегені үшін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қозғалғаны туралы жарияланды. Әуекомпаниясы басшысы жалған ақпарат таратқан мекеме басшыларына, тіпті, ренжулі.   

"Өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдарында "Эйр астана" монополияға қарсы орган қызметкерлерін ғимаратқа кіргізбеді деген ақпараттар тарады. Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. Олар бізде 30 қыркүйекте, 3 қазанда болды. Қазір де олар біздің кеңседе",- деді «ЭйрАстана» әуекомпаниясының президенті, Питер  ФОСТЕР. 

Ал бүгін "Эйр астана" - алғашқы қысқы Универсиаданың ресми тасымалдаушысы атанды. Компания спорт додасының эстафета алауын Астанадан өзге 15 өңір мен Алматы қаласына жеткізуді мойнына алды. Сондай-ақ, спортшылар мен ресми делегация өкілдеріне жеңілдік жасауды көздеп отыр. Айта кетейік, қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. 

"Ойынды ұйымдастыру комитетіне «Эйр Астанамен» ынтымақтастық орнату, Универсиаданы сәтті өткізуге деген сенім ұялатады. Универсиада тек Оңтүстік өңір үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға. Спорттық нысандарды салу кезінде бір ғана Алматыда 60 мың жұмыс орны ашылады",- деді 2017 жылғы Қысқы универсиада дирекциясының басшысы, Наиль НУРОВ.
Новости партнеров