ҚР Әділет министрлігі Шетелде тұратын этникалық қазақтарға қолдау білдіру бойынша 2018-2022 жылдарға арналған шаралар жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жоспар Мемлекет басшысының V Бүкіләлемдік қазақтар құрылтайында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға септігін тигізбек.
Аталған құжат Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Жоспар бағыттарының бірі - шетелдегі этникалық қазақтарға арналған оқу-әдістемелік құралды әзірлеу және шығару, оларды интернет-ресурстарға орналастыру және өзге мемлекеттерде орналасқан қазақ мәдени орталықтарын әдеби гуманитарлық бағыт бойынша қамтамасыз ету.
Одан бөлек, қазақ диаспорасы өкілдерінің Қазақстанның оқу орындарында білім алуы үшін стипендиялық бағдарлама әзірленеді.
Жоспар шараларының толық тізімімен ҚР Әділет министрлігінің сайтында танысуға болады.