|
19.07.2018 | 19:57
3903

Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды

Денис Тен пышақ жарақатынан қайтыс болды

Еліміздің танымал мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен қайтыс болды. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, спортшыны Алматының қақ ортасында екі азамат пышақтап кеткен.

Оқиға Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысында орын алған. Ақпарат бойынша, ұрылар оның көлігінен айна ұрламақ болғанда жанжал шыққан. Төбелестің арты жарақат алумен аяқталған. Ал түскі 3-тер шамасында ол Орталық ауруханаға жеткізіліпті. Суық қару Денис Теннің қабырғасындағы қан тамырларын зақымдап, салдарынан ішіне қан кеткен.

Дәрігерлер барлық шараны қолданғанмен, спортшыны аман алып қалу мүмкін болмапты. Қазір аталған іс бойынша тергеу басталып, полиция адам өлтіргендерді іздестіріп жатыр. 

«Аталған қылмыстық іс бойынша тиісті шаралар қолданып, күдіктілердің аты-жөнін анықтап, қолға түсіру үшін Ішкі істер департаментінің тәжірибелі тергеушілері тартылды. Жедел тергеу тобы құрылды», – деді Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Тергеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақылбек ҮМБЕТӘЛИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир