Қазақстандық ұшқыштардың жартысы заңсыз ұшады. Мұндай мәліметті бас прокуратура келтірді. Жиынға қатысушылар саладағы түйткілдерді де қаузады. Басым көпшілігінде апаттар адами факторлар кесірінен орын алса, екінші орында - ауа райы жағдайы, соңғы орында - техникалық ақаулар. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукиннің айтуы бойынша, шағын авиацияда атақты АН-2 ұшақтары жиі пайдаланылады. Көбіне 25 жылдан асып кеткен. Жолаушылар тасымалына келсек, мұнда да мәселе жоқ емес. Осы жылдың алғашқы тоқсанында Эйр Астананың 4 ұшағында ақаулар анықталған. Бек Эйр ұшағының алдыңғы шассиінсіз қонған оқиғаны да тілге тиек етті. Десек те, ұшқыштарымыздың кәсіби деңгейі жоғары деуге келмейді екен. Жылына орта есеппен 15 әуе оқиғалары осылардың кесірінен орын алатын көрінеді.
«Егер өткен жылы осындай бес оқиға тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш тоғызға артып отыр. Салдарынан 11адам қаза тапты. Өкінішке орай, бұл соңғы бес жылдағы жоғары көрсеткіш болып отыр. Әрине, егер 2013 жылы СКАТ ұшағының апатын есептемегенде. Ол кезде 21 адам қаза тапқан еді»,- деді ҚР Бас прокурорының орынбасары, Андрей ЛУКИН.
Есте болса, депутаттар да әуе оқиғалары мен қауіпсіздігін зерделеп тексеретін арнайы орган құруды ұсынған еді. Ал жақында ресейдің үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясында да осындай құзырлы орын құру идеясын тастады.