Қазақ ҚКСР-нің тұңғыш премьер-министрі болған Ұзақбай Қараманұлы дүниеден озды

Қазақ ҚКСР-нің тұңғыш премьер-министрі болған Ұзақбай Қараманұлы дүниеден озды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақтың маңдайалды абыздарының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманұлы дүниеден озды. Ел экономикасы шатқаяқтаған тұста Үкімет басқарған тұлға еліміздің экономикалық, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени өміріндегі істерге белсене араласты. Елдегі соңғы 50 жылда салынған сәулетті ғимараттардың, зауыт-фабрикалардың, оқу, өндіріс орындарының көпшілігінде ол кісінің қолтаңбасы бар. Бүгінде марқұмның әріптес-замандастары Кеңес Үкіметі ыдыраған кезде, Ұзақбай Қараманұлының тәуелсіз Қазақстанның бірінші премьер-министрі қызметін абыроймен атқарғандығын мақтанышпен еске алады.


¤Нұрсұлтан Назарбаев ел президенті болып сайланғаннан кейін, 1990 жылы Ұзақбай Қараманов Қазақ ССР-інің бірінші премьер-министрі қызметіне тағайындалған еді. Сол кезде бойында менмендік қасиеті жоқ, қарапайым тұлға өндірісті басқаруда іскерлігімен ерекшелене білді. Танымал мемлекет және қоғам қайраткері құрылыс саласында көп еңбек атқарды.


«Мен өзім Ұзақбай Қараманұлын жақсы білемін, жақсы араластым кезінде. 1991 жылы Кеңес үкіметінің әлі құламаған кезі, көзі тірі кезі. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаевтің идеясымен Түркістанды жандандыру үшін сонда университет ашатын болдық.  Сол университеттің ашылуына атсалысып, Ұзақбай Қараманұлы өзін нағыз патриот екендігін көрсетті. Университетті қолдап, қаржы бөліп, қолынан келген көмегін көрсетті», - деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат ЖҰРЫНОВ.


¤Ұзақбай Қараманұлы Арал теңізін қорғауда, өңірдің экологиясын шешу мәселесінде істеген қызметтері үшін Еуропаның экология саласында берілетін медалімен марапатталды. Өндіріс, құрылыс мәселесіне қарап қана қоймай, қызметте жүргенінде әлеуметтік салаға да ден қойып, талмай, қажымай еңбек еткен. Мұны артынан ерген інілері мақтанышпен айтады.


 «Мен ол кісімен 40 жыл көлемінде бірге інісі болып, ол біздің үлкен ағамыз, ұстазымыз болып қызмет еттік. Өмір жолында ол кісінің үлкен бір адами қасиеті, ешкімге берілмейтін - сенген адамына шындықты, адалдықты, тапқырлықты, көрегенділікті айтып отыратын, керемет кісі еді», - деді Серікжан СЕЙІТЖАНОВ.


¤«25 қыркүйекте біздің СОВМИН-нің ауруханасына барып, ем-шара алып отыр екен ағамыз. Сол жерде көрісіп, таңертең сағат 11-де амандасқанбыз. Кешкі 7-лер шамасында дүниеден озды деген хабар алғанда, маңдайдан ұрғандай болды. Ел есінде қалады. Қазақ халқы үшін, мемлекетіміз үшін бұл орны толмас  қайғылы қаза болып тұр», - деді  қоғам қайраткері, қр еңбек сіңірген қайраткері Мәди АРТЫҒАЛИЕВ.


¤Ұзақбай Қарамановтың өмір жолы шәкірттеріне, әріптестеріне үлгі. Ол  өзінің қарапайымдылығымен, іскерлігімен халыққа танылды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертң сағат 9-да Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында өтеді.


Сая Меңдеке, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров