|
20.07.2018 | 15:50
1935

Денис Тенді өлтірді деген күдікті қылмыс орнына келді

Денис Тенді өлтірді деген күдікті қылмыс орнына келді

Танымал спортшы Денис Тенді өлтірді деп айыпталған екі күдіктінің бірі қылмыс болған жерге келді, хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ол құқық қорғау органдарына оқиғаның қалай болғанын айтып беруде. Бұл сәт түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісіндегі Kris_p_almaty парақшасында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматыда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланды.

Кейін оған автокөлік ұрылары шабуыл жасағаны белгілі болды.

Спортшы шұғыл түрде орталық ауруханаға жеткізілді. Ол 3 литр қан жоғалтқан. Дәрігерлер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанын аман алып қалу үшін бар күштерін салған.

Алайда танымал спортшы пышақ жарақаты салдарынан қайтыс болды.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Денис Тен көп қан жоғалтуы салдарынан көм жұмғанын мәлімдеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир