15 жасар бала қысқырды итке айналдырмақ. Бесіктен әлі белі шықпаған бала селекциялық жұмысқа бел шеше кіріскен. Қазірдің өзінде түз тағысы мен Сібір лайкасының қосындысынан шыққан тұқымға қызығушылық танытып жатқандар көп.
Бұл дархан далада тыным таппай жортып жүретін түз тағысының жасы алтыға толды. Адамның бітіспес жауы саналған бөлтірік көзін ашқаннан бастап Ерболат Мамырханның қолында өсіп жатыр. Алайда, иесінің өзі кейде жанына жолауға жүрексінеді. Себебі қасқырды қанша бақсаңда тауға қарап ұлиды деген сөз бар.
«Бұл таза қасқыр. Бүгінде қолға үйренген. Апта сайын шикі ет беріп тұрамыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай жуас. Итке де жақындатады, адамды да жақындатады», - деді иттің тұқымын асылдандырушы Ерболат МАМЫРХАН.
Бұл төрт күшік қасқыр тұқымдас. Он бес жасар Ерболат асылдандыру жұмысы өз жемісін беріп жатыр дедйі.
Сібірдің лайкасын түз тағысына қосып, содан шатыс тұқым алып, соны тағыда итпен будандастырмақ. Бір қызығы, дөрегей күшіктердің қандары бөлек екенін бірден аңғаруға болады.
«Бұл қасқыр мен Сібір лайкасының қосындысынан шыққан тұқым. Бұндай селекциялық жұмыс жасау оңай шаруа емес. Бұған да уақыт керек. Көксеректіде көргем, жақсы білемін. Маған елдің бәрі айтады «Қасқыр мен итті будандастырма, адамға шабады» - деп. Бірақ мен өзімнің пікірімнен ауытқымаймын», - деді иттің тұқымын асылдандырушы Ерболат МАМЫРХАН.
Сібір лайкасы мен қасқырдың қосындысынан шыққан күшіктерге екі ай болған. Түрлеріне үңіліп қарасаң екеуі итке, ал мына екеуі түздің тағысына ұқсайды. Бұлардың келешек тағдыры белгісіз. Мүмкін біреудің қорасындағы малын немесе күркесіндегі тауығын жер. Ең бастысы адами қасиетті жоғалтып, табиғатқа қарсы шықпайық.
Итпен түз тағысын будандастырып содан тұқым шығарып жатқан бұл азаматтың негізгі мақсаты жүрегі түкті қазақы төбет шығарсам дейді. Бірақ оған кемінде жиырма жыл уақыт кететінін көрінеді.
Көкбөрінің ұрпағы екеніміз кешегі тарих беттерінде анық жазылған. Бүгінде аңшылар қасқырды қырғидай қырып, тұқымдарын жойып жатса, енді бірі қолда асырайды. Бірақ мен үшін бұл көкжалдың тағдыры өте аянышты. Себебі, қайткенменде дала тағысы ғой.