Алматыда апаттық қызмет өкілдері көгілдір отынға заңсыз қосылғандармен күресіп әлек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Апаттық қызмет өкілдері газ құбырына қол сұғып, көгілдір отынға заңсыз қосылғандармен күресіп әлек. Мамандар кезекті тексеріс шарасында газға рұқсатсыз қосылғандарды анықтады. Ақысыз күн көргісі келетіндер тек компанияларды шығынға батырып қоймай, көршілерінің өміріне айтарлықтай қауіп төндіріп отыр екен.

Тексерушілер соңғы 4 айда мына автоорталықты сан мәрте көгілдір отыннан ажыратқан. Бірақ бұл талпыныстарынан еш нәтиже жоқ. Өтеусіз өмірге еті үйреніп қалғандар тексерушілердің ізін ала өз беттерімен газға рұқсатсыз қосылып алады. Бұл қылығына қымсынбай, мамандарды мезі еткен тұтынушы тек өзіне ғана емес, маңайдағы көршілеріне де қауіп төндіріп отыр.

«Олар мұнда газды қалай қосып, қалай жүргізетіні түсініксіз. Бұл қауіпті емес пе? Қаншама жарылыстар болып жатқанын естіп жатырмыз. Бірақ соған қарамастан өз беттерімен қосылып, заңсыз тұтынуға құмар. Біз қоңырау шалып ескерткесін, арнайы мамандар келіп 2 рет өшіріп кеткен болатын. Соған қарамастан қайтадан қосылып алады», - деді Алматы қаласының тұрғыны Екатерина ТАРАПУНОВА.

«Алматы Газ» қызметкерлері рұқсатсыз қосылған тұтынушыларды тексеру кезінде анықтаған. Ол жерге дереу мамандарды шақыртып, шара қолданды. Осылайша, Васнецов көшесінде орналасқан көліктерге қызмет көрсететін орталықты кезекті рет көгілдір отыннан ажыратып тастады.

«Бұл үйді газдандыру заңсыз жүзеге асырылған. Атқарушылық-техникалық құжаттамасынсыз. Бір сөзбен айтқанда, рұқсат беру құжаттамасы толығымен жоқ. Қазіргі уақытта тұтынушы газбен жабдықтаудан ажыратылды, техникалық акт жасадық. Бұл акт тиісінше басқа қызметтерге беріліп, әрмен қарай шаралар қолданылады», - деді «Интергаз Орталық Азия» авариялық-диспетчерлік қызметінің жетекші инженері Азамат ДЖАМПЕИСОВ.

Өткен жылы Алматы қаласында көгілдір отынға 100-ге жуық заңсыз қосу дерегі тіркеліпеті. Олардың әрқайсына айыппұлдардар тұтыну нормалары бойынша және заңсыз қосылғаны үшін салынбақ. Мамандар өз бетімен көгілдір отынға қосылған тұтынушылар тек ұрлық жасап қоймай, айналасындағылардың өміріне қауіп төндіреді дейді.

Айдана Мейрамбайқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров