«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы соңғы аялдамасына келіп тоқтады

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы соңғы аялдамасына келіп тоқтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасын бір жарым ай аралаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы соңғы аялдамасына келіп тоқтады. Алматылықтар өз кезегінде жол жүріп келген қызметкерлерді салтанатты түрде күтіп алды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайластырылған шарада әлеуметтік жағдайы осал тұрғындарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, шалғай аудардардың халқына әлеуметтік, құқықтық, медициналық көмектер көрсетіліпті. Шара барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын түсіндіруде 9 жарым мыңнан астам, медициналық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетуде 11 жарым мың, ал, министрліктердің өкілдерімен кездесулерге 63,5 мыңнан астам адам қатысқан. Пойыз құрамында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина және әлеуметтік салалар қызметкерлері жұмыс жасапты.

«Жалпы мына поездың жүру бағытында 100 миллион көлемінде нақты әлеуметтік көмектер көрсетілді. 12 мыңға жуық азаматтарға медициналық көмектер көрсетілді, 97 мың адамдармен кездесіп, көптеген сұрақтары сол көтерілген жерде шешімдерін тауып жатты. Мұның бәрі жай емес деп ойлаймын», - деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ.

Айтулы шараны абыроймен аяқтап келген қызметкерлердің бір тобы Жетісу ауданындағы № 11 қалалық ауруханаға ат басын тіреді. Ел игілігіне жақында ғана берілген аурухананың жаңа ғимараты көз қуантады. Денсаулығының әртүрлі шағымдарымен келген халық «Тәуелсіз Қазақстан» поезы қызметкерлерінің қабылдауында болды. Топ құрамындағы кәсіби кардиолог, эндокринолог, невропотолог, ортопед, уролог сияқты мамандар елмен етене қызмет етті.


Новости партнеров