|
04.09.2018 | 21:31
2460

Миллиондап пара алған шенеуніктер қолға түсті – агенттік

Миллиондап пара алған шенеуніктер қолға түсті – агенттік

Елімізде жемқорлық көрсеткіші төмендемей тұр. Өткен айдың соңында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Қостанайдағы филиал басшысы бір миллион теңге парамен қолға түсті.

Шағын шаруашылық директоры аймақтағы бөлім басшысына қаржыны қажетті техника мен жабдықты сатып алуды қаржыландыру мәселесін дұрыстап шешіп беруі үшін табыстаған. Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері шаруасы «дұрыс» бітсін деген директор ақшаны бірден емес, маусым мен тамыз айларының аралығында филиал басшысына бөлшектеп тасыған.  

«Жалпы, пара алудың 5 фактісі тіркелген. Қазіргі таңда күдікті үйқамаққа алынды. Сондай-ақ ЖШС директоры жауапкершілікке тартылуда. Ол «Қазагроқаржы» басшысына пара беру бойынша күдікке ілінген. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан ЖАХИН.

Ал Павлодарда облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің екі бірдей басшысы қолға түсті. Олар қозғалған қылмыстық істі тоқтату және бір миллиардтан артық теңгелік салықты салмау үшін жеке кәсіпкерден 100 мың АҚШ долларын алған. Күдіктілердің үйі мен жұмыс орындарын тінту барысында 160 мың АҚШ доллары, 10 миллионнан артық теңге және тоғыз жұп қымбат швейцарлық сағат табылған.

Сондай-ақ, осындай экономикалық қылмысқа барғаны үшін Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданының әкімі ұсталды. Жеңіл жолмен ақша тапқысы келген шенеунік шаруа қожалығы  директорынан «қамқорлық жасағаны» үшін 185 мың көлемінде ресейлік рубльмен пара алған. Әкім кінәсін толықтай мойындаған.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир