ЭКСПО көрмесі аясында атақшы әнші Лара Фабиан Димаш Құдайбергеновпен дуэт орындайды. Қазір Әлемдік деңгейдегі әртіспен еліміздің өкілдері келісім-шартқа да отырып қойыпты. Бұл туралы өнер саласының шенеуніктері мәлімдеді. Олар студенттермен бірге « I am, а singer» байқауына қатысып жатқан отандасымызды қолдау үшін арнайы шара ұйымдастырды. Елордалық тілшіміздің бейнематериалында.
Майра Ілиясова, Бағдат Сәмединова бастаған танымал әншілер, режиссер Асхат Маемиров, әнші Сембек Жұмағалиев және 200-ге жуық Димаштың жанкүйерлері. Бұл азаматтардың барлығы халық арасында «бұлбұл» атанған отандасымызды қолдау үшін арнайы жиналған.
«Әрине, 1-2 жыл бұрын жасырақ болды ғой. Қазір ол өте жақсы тәжірибе жинап жатыр. Қазір ҚХР өнер көрсетуі және сол арқылы жақында тағы бір керемет жүлде алды»,- деді ҚР еңбек сіңірген әртісі, Майра ІЛИЯСОВА.
2 ай көлемінде Димаш жанкүйерлері мен көрермендеріне ұмытылмас көңіл күй сыйлаған уақыт демде өтіп кетті. Алда ақтық бәсеке. Қолдау көрсетуге келгендер тыңғылықты дайындалған. Ауа райы да оларға септесіп тұрғандай. Ақтық сын бірнеше күннен кейін ғана болады. Дегенмен, отандасымызды қолдау үшін олар дайындық жұмыстарын қазір бастап, тақымдарын қысып отыр.
«Енді 15-ші сәуір күні бүкіл біздің Қазақстан, жалпы әлем жұртшылығы Димаш Құдайбергеновтың өнерін тамашалайды. Хунань.тв арнасынан. Бүгінгі өткізіліп жатқан акция Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнімен сәйкес келіп отыр. ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Димаш оқып жатқан Қазақстан Ұлттық Университетінің студенттері қолдау көрсетіп отыр»,- деді Режиссер, Асхат МАЕМИРОВ.
Ал сәуір айының ортасынан бастап, ЭКСПО аясында өтетін Димаштың жеке концертіне билеттер сатыла бастайды. Шығармашылық кешінде әлемдік жұлдыз Лара Фабианмен бірге өнер көрсетеді. Думанды дүрмек 27-ші маусымға жоспарланған. Олар «Адажио» әнін және басқа да хит әндерді орындайды дейді ұйымдастырушылар.
¤Назым Мәлікқызы, Артур Абулхатаев, «Алматы» телеарнасы Астанадан