Рудный ІІБ-нің полиция қызметкерлері 9 жасар Настя Ширягинаны қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін ұстау үшін жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізде болса, 14 тамыз күні Рудный қаласында Паровая және Гагарин көшелерінің қиылысында 39 жастағы ер адам «Кия Рио» маркалы көлігімен 9 жастағы мектеп оқушысын қағып кеткен болатын. Апат салдарынан 9 жасар қыз жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде көз жұмды.
Ал жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Бүгінде оның аты-жөні анықталып, қолға түсті.
Сондай-ақ, осы жол-көлік апаты кезінде тағы бір бала зардап шеккен екен.