Қазақ тілінің көсегесін көгертуге бөлінген қаржы көлемі 19 миллион теңге. Жергілікті бюджеттен тендер арқылы бөлінген бұл қаржыға курстар тегін өткізіледі. Мемлекеттік тілді меңгеруге құлшыныс танытқан кез келген тұрғын осы курстарға келіп, ақысыз ана тілімізді үйрене алады. Бұл қалтасындағы қаржысын қазақ тіліне келгенде жұмсағысы келмейтіндерге көмек болмақ. Ал Алматылық Вячеслав есімді жігіт, осы уақытқа дейін түрлі сылтау айтып, қазақ тілін білмеуімізге ешкім кінәлі емес, тек өзіміздің жалқаулығымыз, әрі әлсіздігіміз дейді.
Жергілікті бюджеттен бөлінген жиырма миллионға жетпейтін қаржыға курстарды тегін жүргізуі наурыз айының соңында ғана жұмыс істей бастайды. Тілдерді дамытуға бөлінген бұл ақшаға тек қазақ тілі ғана емес, ағылшын тілінде оқыту кірген. Курс тегін болсада құлшыныс танытып, әр ауданда жыл сайын ашылатын бөлімдерге симай тұрған тұрғындар жоқ. Былтырғы қаржы биылғыдан көп болсада, курсқа келіп, ана тілімізді білуге өткен жылы небәрі 44 тұрғын келіпті. Статистикадағы 66 топ 551 адам ана тілімізде тілін сындырды деп жазылғандардың барлығы мемлекеттік тілді білуі тиіс деп міндеттелген мекеменің мамандары.
«Жылдан жылға жалғасып келе жатқан ең үлкен мәселе, біз ұйымдастырып қойған кесте бар, таңертең тоғыздан кешкі алтыға дейін. Осы уақытта мемлекеттік мекеменің қызметкрелері келе алмайды. Өйткені, әркімнің атқарып отырған өз жұмысы бар»,- деді Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы, Бақыт ҚАЛЫМБЕТ.
Ал ақылы түрде қазақ тілін үйрететін Алима Есенқызының пікірі мүлдем басқа. Ол қазақ тілін үйренгісі келген азаматтармен жеке-жеке жұмыс істейді. Отыз жылын тіл оқытуға арнаған мұғалім қазір қазақ тілді үйренуге құлшысын танытқан өзге ұлт өкілдерінің аз емес екендігін, керісінше олардың өміріне қажетті немесе мамандығына қарай қолданатын тілді оқыта алатын мамандардың аз екендігін айтады.
«Қажеттілікке байланысты үйретемін. Неге біз қазақ тілін үйрете алмай келе жатырмыз. Жаттанды тақырып береміз. Өмірбаяным, отбасым, дүкенде деп басталады. Жаңағы жаттанды бағдарламамен тіл үйретуге болмайды. Қазіргі кезде оқулық жоқ деп айтуға болмайды. Бәрі бар,. Оқымаймын деген адам жоқ. Керісінше оқытатын маман жоқ па деймін»,- деді Оқытушы, Алима САБЫРОВА.
Қазақ тілін әлі күнге дейін білмеуін көптеген адамдар заманға, кеңестік кезеңге ысырып, өз кездерінде оқудың тек орыс тілінде болғаны сынды сан түрлі сылтауға сілтейді. Бұл қағиданы бұзып, барлық кемшілікті менің білімсіздігім деген жігіттің бірі Вячеслав Попов. Алматыдағы бизнесмен "Менің қазақ тілін білмеуім - ол менің жауапкершілігімнің жоқтығы! Мен оны оқымаған өзім, қажет деп санамай, қиынсындым, қорықтым!",- деп мойындаған жігіт қазір күніне өз бетімен елу шақты сөзді жаттап жатыр.
«Біз ауылды мекендерге ауыз су жеткізу жұмысымен айналысамыз. Кейбір кезде аудармашы осы мәселеге байланысты тұрғындарға біздің ойымызды немесе халықтың бізге айтпағын дұрыс жеткізе алмайды. Сондықтан, мен қазақ тілін үйрену керек деп шештім. Мәселен, сенің сөзіңді өзгелердің түсінгені ол сыйлағаны. Сондықтан, менде өз құрметімді көрсеткім келді»,- деді Кәсіпкер, Вячеслав ПОПОВ.
Қазақ тілін жарты жылда меңгерем деген Попов бұл шешімді ол бір кездері ата-бабасын өз жеріне қабылдаған халыққа құрмет ретінде жасамақ. Қазақша сөйлеуге құлшына кірістім деген кәсіпкерді курсқа тегін шақыру көп түскен. Бірақ, көпке үлгі көрсеткен жігіт өз бетінше тілін сындырған соң ақылы курстарға қатыспақ. Ал Алматыда тіл үйрету орталықтарында жеке мұғаліммен бір сағат оқу 4500, 5-6 адамдық шағын топпен бірге қазақ тілін үйренудің құны айына 18 мың теңге тұрады.
Әмірболат Құсайынұлы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы
¤