Ұлттық банк несие бойынша төлемдердің жоғарылауынан зардап шегуі мүмкін

Ұлттық банк несие бойынша төлемдердің жоғарылауынан зардап шегуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық банк несие бойынша төлемдердің жоғарылауынан зардап шегуі мүмкін қарыз алушылары бар қаржы институттарымен жұмыс жасап жатыр. 1-ші сәуірден бастап қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің өзгеруінен сыйақы төлемдері ауыспалы несиелер қымбаттайды. Данияр Ақышев бұл өзгерістер қарыз алушылардың азын-аулақ тобына ғана әсер етеді деп сендірді. Ал валюта нарығында керісінше, тұрақтылық байқалуда дейді бас банкир. Жыл басынан бері ұлттық валюта 6 пайызға тұрақтанған. Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қазір 312-ні көрсетіп тұр. Бұған көбіне мұнай бағасының жоғарылауы ықпал етті. 

«Біз теңгенің айырбас бағамының еркін ауытқуы принципін ұстануды жалғастырамыз. Бұл ұлттық валюта құнының ішкі және сыртқы құрылымдық факторларына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Ұлттық банк және ұлттық қор резервтерінің жалпы сомасы 93 миллиард долларға жуықтайды. Бұл шамамен жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы»»,- деді ҚР Ұлттық банк төрағасы, Данияр АҚЫШЕВ. 

Ұлттық банк қазір екінші деңгейлі банктермен кибершабуылмен күрес жүргізу және зейнетақы қаражаттарын инвестициялау мәселелерін талқылауда. Тап қазір зейнетақы қоры  6 триллион теңгеден асты. Биылғы жылдың қаңтар айының өзінде қаржы инвестициялаудан түскен таза табыс 11 миллиард теңгеге ұлғайған. Алдағы уақытта еліміздің ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтер үлесін шетел валютасында 30 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. 

Новости партнеров