Экспо көрмесі қарашаға дейін ұзармайтын болды

Экспо көрмесі қарашаға дейін ұзармайтын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экспо көрмесі қарашаға дейін ұзармайтын болды. Ұлттық компания өкілдері елордалық кәсіпкерлердің өтінішіне жауап берді. Айтуларынша, халықаралық шара бекітілген регламентке сәйкес өтіп жатыр. Сондықтан бұл талапты бұзуларына құқылары жоқ. Одан бөлек, ел Үкіметінің ЭКСПО-ға арнап бөлген қаражаты да есептеулі. Сондықтан астаналық кәсіпкерлердің өтінішін орындау мүмкін емес.          

«Біз кәсіпкерлердің талабын түсініп отырмыз. Олар осы көрменің арқасында мол табысқа кенелді. Алайда, белгіленген регламент бар. Оны бұза алмаймыз. Барлығы келісілген», - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ департамент директоры Сергей КУЯНОВ.

Күні кеше Астанадағы кәсіпкерлер ЭКСПО-ны қараша айына дейін ұзарту керектігін айтып, компания басшысы Ахметжан Есімовке өтініш жазған еді. Олар ғаламат көрменің арқасында табыстарының молайғанын айтқан. Қайткенімен, отандық іскерлер кәсіптерін әрмен де дөңгелете алады. Өйткені, ЭКСПО-ға арнап салынған кейбір ғимараттар халықаралық көрме аяқталған соң да келушілер үшін қызмет көрсете бермек. Мәселен, «Нұр Әлем» павильоны – «болашақ мұражайына» түрленеді. Арт-орталық пен озық жұмыстар көрмесі де - елді қуантады.


Новости партнеров