Алматыда ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендейді

10.02.2018 01:19

Қыстың соңғы айы да басталды. Алдағы күндері Алматыда қандай ауа райы болмақ? Синоптиктердің болжамына құлақ түрейік.

Дүйсенбі, 13 ақпан  ауа температурасы 0 градусты көрсетеді, түнде – 7 градус болады. Аспанға аздап бұлт шығады деп күтілуде.

Сейсенбі, 14 ақпан күні ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріледі. Аспанға аздап бұлт шығады. Бірақ қар жаумайды. Түнде минус 6 градус болады.

Сәрсенбі, 15 ақпан күні ауа райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Сынап бағамы күндіз  - 1 градус, түнде – 1 градус болады деп күтілуде.  

Бейсенбі, 16 ақпанда  қар жауып, ауа температурасы минус 5 градусқа дейін күрт төмендейді, түнде – 12 градусқа дейін суытады.

Жұма, 17 ақпан күні аспанға аздап бұлт шығады. Күндіз сынап бағамы минус 7, түнде – 5 градусты көрсетеді.

Сенбі, 18 ақпанда жауын-шашын болмайды. Аспанға аздап бұлт шығады. Ауа температурасы – 7, түнде – 15 градусқа дейін төмендейді.

Жексенбі, 18  ақпанда күн бұлтты болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз – 7, түнде – 15 градусты көрсетеді.

Ауа райы болжамы  intellicast.com сервисінен алынған.