Осы аптада Алматыда ауа райы жылы болады деп күтілуде. Көктемнің алғашқы күдерінде алматылықтарды жайма шуақ күндер күтіп тұр. Дегенмен, аптаның соңында аздап қар мен жаңбыр жаууы мүмкін.
Дүйсенбі, 26 ақпанда күн жылы болады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа жоғарлайды. Түнде 0 градусты көрсетеді.
Сейсенбі, 27 ақпанда күн бұлытты болады деп күтілуде. Сынап бағамы күндіз 8, түнде 1 градус жылы болады.
Сәрсенбі, 28 ақпанда жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағамы 8 градусты көрсетсе, түнде – 2 градусқа төмендейді.
Бейсенбі, 1 наурыз көктемнің алғашқы күнінде ауа райы жылы болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 8, түнде – 2 градусты көрсетеді. Аспанға аздап бұлт шығады.
Жұма, 2 наурыз күні жауын-шашын болады деп болжануда. Күндіз сынап бағамы 4 градус болса, түнде – 4 градусқа төмендейді.
Сенбі, 3 наурыз күні қар жауады. Ауа температурасы күндіз 3, түнде – 7 градусты көрсетеді.
Жексенбі, 4 наурызда аспанға аздап бұлт шығады. Күндіз сынап бағамы 4, түнде - 4 градус болады.
Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынды.