|
05.03.2018 | 17:13
1944

Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

«Пара алған жоқпын. Ақтауды сұраймын». Астана қалалық сотында «Бишімбаев ісіне» қатысты барлық фигуранттар соңғы сөздерін сөйледі. Олардың ішінде  Қуандық Бишімбаевтың өзі де бар. 37 жастағы экс-министр бір сағаттан артық уақытқа созылған мәлімдемесінде президенттен тағы да кешірім сұрап, 1,1 млрд теңгені ұрламағанын, шыны зауытының уақытында салынбағаны үшін банк-гарант 4 жарым млрд теңгеге жуық қаржыны кері қайтарғанын еске салды. Тіпті, Мұратхан Тоқмади жайында да сөз қозғады.

«Біз шыны зауытын сала бастағанда, жан-жағымыздан арам пиғылдылар кедергі жасады. Біз бұл жоспарды іске асырады дегенге сенбеді. Ал Мұратхан Тоқмади бізге жала жауып, жоба туралы инвесторларға түрлі теріс ақпарат таратып, күйе жағумен болды. Осылайша, қаржы құймастан, біздің жобаға араласқысы келді. Өкінішке орай, ол дегеніне жетті. Зауыт бой көтермей, құрылыс тұралап қалды», - деді сотталушы Қуандық БИШІМБАЕВ.

Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі мен өзге де 22 фигурантқа қатысты істің сотта қаралып жатқанына төрт айға жуықтады.  Соттың кеңеске шығатынын жариялаған судья  Әділхан Шайхисламов үкім  14 наурызда жарияланатынын хабарлады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир