Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен студент аман-есен табылды

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен студент аман-есен табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен студент аман-есен табылды. Дипломдық жұмысын қорғауы тиіс болған 22 жастағы Арман Нұржанұлы осы уақытқа дейін Шымкентте жүрген екен. Бұл туралы бірінші болып қалалық мәслихаттың депутаты Константин Авершин әлеуметтік желіде мәлімдеді. Сондай-ақ, ол іздеуге ат салысқандардың барлығына алғысын білдірді. Айтуынша, студент дін аман. Тек есте сақтау қабілеті нашар екендігін жеткізді. Ал Ішкі Істер департаментіндегілер аталған дәйек жаңа технологиялық құрылғылардың көмегімен ашылды деп отыр. Оның айтуынша, Алматыдан баланы іздеу үшін жедел әрекет ететін топ құрылған. Тіпті тәртіп сақшылары 2 апта шамасында Шымкентте жүріпті. Белгілі болғандай, жігіт күн сайын қонатын жерлерін ауыстырып отырған. Бұл іздеуді біршама қиындатқан көрінеді. Кеше студентті полицейлердің болжамымен қала тұрғындары табуға септескен. Жігіттің ата-анасы қазір Шымкентке жолға шықты. Алматыға келген соң Арман Нұржанұлы әрекеті туралы түсініктеме береді.

«Арманның қай жерде түнеп, қай дүкендерден азық-түлік алғанын анықтадық. Яғни, ол жігіттің ең бастысы аман екеніне көз жеткіздік. Бірақ Арман өзінің тапқанын қалаған жоқ. Бұл біздің пайымдауынша ол кісі қасақана тығылған сияқты. Оны нақтылайтын боламыз. Абырой болғанда ол кеше табылды. Өз ата-анасымен Алматы қаласына жол  жүріп келеді»,- деді IIД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.

Еске сала кетейік, Арман Нұржанұлы маусым айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Туыстарының айтуынша, жігіт бакалавриаттың соңғы курсында оқиды. 2-ші маусым күні ол дипломдық жұмысын қорғауы тиіс болатын. Дегенмен студент содан бір күн бұрын үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, содан оралмады. Біршама уақыттан кейін Алматы полицейлері оның Шымкентте жүргендігін анықтаған еді.



Новости партнеров