Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер табылды

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған зейнеткерді іздеп тапты. Алматы қаласының ауруханаларының біріне ауыр жарақатпен түскен қарт кісіге белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасаған. Қазір күдіктілер анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 қыркүйекте Қарасай ауданының ішкі істер бөліміне 72 жастағы Іргелі ауылының тұрғынының хабарсыз кеткені туралы арыз түседі. Жоғалған қарияны тәртіп сақшылары Алматы аурханасына жедел жәрдеммен ауыр халде түскенін анықтайды. Белгісіз біреулер зейнеткерді ұрып соғып, ақшасы мен ұялы телефонын тартып алған. Жедел іздестіру шарасы барысында оқиға болған жердегі бейнекамералар тексеріліп, күдіктілердің бет-бейнесі белгілі болды

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 1974 және 1992 жылғы жергілікті тұрғындар қамауға алынған. Оларға ҚР ҚК 192-бабы «қарақшылық» бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Ал жәбір көрген зейнеткер дәрігерлер бақылауында.  



Новости партнеров