|
20.07.2018 | 11:10
2473

Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды

Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды

19 шілдеде тонаушылар қолынан ажал құшқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Дружба ауылында жерлейді. Спортшыны соңғы сапарға шығарып салу сенбі күні, 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді, деп хабарлады Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері Құралай Узурова Sputnik Қазақстанға.

Азаматтық жаназа таңғы 09.00-дан 10.30-ға дейін болады. 10.30-да Денис Теннің денесін Дружба ауылындағы зиратта жер қойнауына береді. Жаназа асы сағат 13:00-де болады, қай жерде өтетіні әлі белгісіз.

Кеше хабарланғандай, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы әкімдігі мойнына алды.

Денис Тен Алматыда 25 жасында көз жұмды. Түстен кейін үш кезінде Байсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан ол көлігінің айнасын шешіп алғалы жатқан екі жігітті көреді. Оларды тоқтатуға ұмтылған Денис Тен жамбасынан пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, 3 литр қан жоғалтқан Денис 17.30-да ауруханада жан тапсырды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир