Алматыда «Нұр Отан» партиясының мультимедиялық мұражайы ашылды

04.12.2017 в 22:47

Алматыда алғаш рет «Нұр Отан» партиясының мультимедиялық мұражайы ашылды. Онда аталған партияның құрылуы мен қалыптасу тарихын парақтап шығуға болады. Сондай-ақ, маңызды құжаттар, партия төрағасына тиесілі профессор мантиясын, кітаптарды, партия билеттерін және басқа да заттарды көре аласыз. Интерактивті панелдер дәстүрлі мұражай сөрелерін алмастырған. Led-экраннан ақпаратты цифрлы экспозиция түрінде көруге болады. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясының алматы қалалық филиалында білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен бизнес саласы өкілдерін партия қатарына қабылдау рәсімі өтті. Қала әкімі бауыржан байбек оларды құттықтап, еңбектеріне адал болатындығына сенім білдірді. 

«Партия құрылған күннен бастап, барлық ерлік істердің басы-қасында болып келе жатыр. Халықпен тікелей жұмыс істеп, нағыз елдік партия атынды. Болашақта да елге қалтқысыз қызмет етеді деп сеніміз деген еді елбасы «Нұр Отан»партиясының кеңейтілген кеңесінде. Нұр Отан тарихы жаңа заман, жаңа Қазақстан тарихы»,-деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.

Партия мүшелігіне қабылданған азаматтар, шешімдерінің оң екендіктеріне көздері жеткендігін жасырмады. Ағынан жарылып, игі бастамалардың басы-қасында болып, өз үлестерін аямайтындықтарын айтты.

«Мен өмірге өкпелі адамдардан аулақ жүруге тырысамын. Барлық бастаманың тек жақсы жағын көру керек. Мен «Нұр Отан» партиясына өз қалауыммен келдім және оған еш өкінбеймін. Бәріміз бірігіп тек нәтижелі іс атқарайық»,-деді Радиожүргізуші, Диана СНЕГИНА.