Путин: Кемероводағы өрт салғырттықтың салдарынан шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Кемероводағы өрттен қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, өрт мәселесіне байланысты жиналысты бір минут үнсіздікпен бастады, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Ресей Президенті бұл оқиғаға немқұрайдылық себеп болғанын айтты. «Бізде не болып жатыр, бұл - соғыс емес, шахтада кенеттен метан жарылып жатқан жоқ. Адамдар демалуға келді, балаларымен. Біз демографияны сөз ете отырып, осыншама адамдардан айырыламыз, неліктен? Бұл қылмыстық енжарлық пен салғырттық», - деді Путин. Еске салайық, 25 наурыз күні Ресейдің Кемерово қаласында «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт шығып, соңғы деректерге сәйкес 64 адам қаза тапты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37