Қостанайлық жұмысшы топырақ астында қалып көз жұмды

08.08.2018 17:36

Қостанай облысында жұмысшы топырақтың астында көміліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қайғылы оқиға Амангелді ауданында болған.

«Амангелді ауылында су құбырын жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы топырақ астында қалып қойды. Ол оқиға орнында көз жұмды. Облыстық еңбек инспекциясынан мамандар келді», – деді Амангелді ауданы әкімінің аппарат басшысы Абай Шүкенов.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.