Рамазан айындағы пітір садақа мөлшері белгіленді

03.05.2018 15:21

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді. Ислам қағидасына сай әрбір мұсылман өзі үшін, балалары үшін және қамқорлығындағылар үшін пітір беруі уәжіп. Пітір садақа мөлшері 300 теңге. Оны Рамазан айы аяқталғанға дейін беруге болады. Айта кетейік, Қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталады.