Қазақстанда дизель отыны тапшы болуы мүмкін

09.11.2017 в 23:10

Қазақстанда дизель отыны тапшы бола ма деген қауіп бар. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлап отыр. Павлодар мұнай өңдеу зауытында дизель отынынын өндіруге арналған құрылғы істен шыққан. Оны жөндеу желтоқсанның ортасына дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты "ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг" компаниясы директорлар кеңесінің шешімімен Павлодар мұнай өңдеу зауытының " бас директоры Данбай Шухрат қызметінен босатылды. Еске салсақ, "Қазмұнайгаз" топ-менеджері Данияр Тиесов пен зауыт басшысы Шухрат Данбайдың уәдесіне әбден тойған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев оларды тиісті жұмыс атқарылмаса қызметтерінен қуатынын мәлімдеген болатын.