Ресейде өткен халықаралық байқауда қазақ қызы бас жүлдені жеңіп алды

Ресейде өткен халықаралық байқауда қазақ қызы бас жүлдені жеңіп алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ресейде өткен «Пироговский рассвет» халықаралық эстрадалық орындаушылар конкурсында қазақ қызы Сая Махамбет бас жүлдені жеңіп алды. Бүгін таңмен елге оралған өнерпазды тыңдармандары әуежайдан құжақ жая қарсы алды.

Аталмыш байқау Мәскеу іргесіндегі Мытищи қаласында 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Біздің еліміз аталған конкурсқа осымен үшінші рет қатысып отыр. Биылғы конкурсқа 11 елдің орындаушылары қатысты. Байқау ережесі бойынша қатысушылар ана тілінде және орыс тілінде екі ән орындауы тиіс болған. Сая Махамбет қос әнді де жоғары деңгейде орындап, қазылар алқасы мен көрерменнің көңілінен шықты.

Айта кетейік, Сая Махамбет - «Қазақконцерт» ұйымының әншісі,  республикалық «Арай», «Жас қанат» байқауларының және басқа да халықаралық ән сайыстарының лауреаты.  

«Бұл байқауда өзімнің авторлық әнім «Қазағымсың» әнін және Виктор Цойдың «Кукушка» әнін орындадым. Мен үшінші нөмірде болып шықтым. Өте әсерлі болды. Мен шыққан кезде қатты жаңбыр жауды, екі әнімді айтып болған соң жаңбыр тоқтай қалды. Бұл да бір жауған Алланың нұры деп есептеймін. Менің қолдаған барлық жандарға, туған-туыс, достарым, жолдасыма рахмет! Мың алғыс! Осындай жаупкершілікті жоғары деңгейде арқалап келгеніме мен өзімді бақытты сезінемін!», – деді «Пироговский рассвет» халықаралық байқауының жеңімпазы Сая МАХАМБЕТ.


Новости партнеров