7 жасар балаға зорлық жасаған үш күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

7 жасар балаға зорлық жасаған үш күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының Абай ауылында зорланған 7 жасар балаға қатысты тергеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Үш күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылған. Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-бөліміне сәйкес, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағандар жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылады. Қылмыс жасалғанда 4 күдіктінің тек біреуі ғана бұл жасқа жеткен. Іс бойынша 14 кешенді сот сараптамасы және 4 түрлі зерттеу  жүргізілген. Одан бөлек, зардап шеккен тараптың өтініші бойынша Ресей, Қырғыз және Грузия елінен жеке және мемлекеттік сарапшылар шақыртылған.

Еске салайық, жеті жасар баланың басына түскен сорақы жайт туралы хабар республикалық ақпарат құралдарында наурыз айының басында тарады. Сарыағаш ауданының тұрғыны өз немересі жоғарғы сынып оқушыларынан ұзақ уақыт бойында қорлық, тіпті зорлық көргенін мәлімдеген болатын.


Новости партнеров