Ресейдің әскери академиясында Бауыржан Момышұлы атындағы дәрісхана ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейдің А.В. Хрулев атындағы Материалдық-техникалық қамту әскери академиясында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы есімімен аталатын дәрісхана ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соғыстан кейінгі жылдары Б. Момышұлы академияда бес жыл дәріс оқып, әскери өнерді дамытуға сүбелі үлесін қосты. Батырдың есімімен аталатын дәрісхана барша заманауи талаптарға жауап береді, қабырғаларға Б. Момышұлының өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттер, қанатты сөздері ілінген. Аталған оқу орнында көптеген қазақстандық офицерлер білім алып, қазіргі кезде Қазақстан Респубикасы Қарулы Күштерінің сапында қызмет етіп жүр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52