|
18.03.2017 | 11:16
2076

«Әйелдерге деген махаббат» эстафетасы Алматыда жалғасын тапты

«Әйелдерге деген махаббат» эстафетасы Алматыда жалғасын тапты

«Әйелге құрмет-әлемге құрмет». Өмірдің талай қиыншылығын көрседе жігері мұқалмаған мүгедек қыз келіншектер арнайы қонаққа шақырылды. Осындай эстафетаны Алматы облысынан қабылдаған Алматы қаласы сылқымдарға сый көрсетті. Шараға 60-қа жуық нәзік жанды келген.  

Құшағы гүлге толған жігіттер есіктен кірген сұлуларды осылай қарсы алды. Мұндай тосын сыйды күтпеген арулар бірден жадырап сала берді. Игі бастама негізінен мүмкіндігі шектеулі сұлуларға құрмет көрсету барысында ұйымдастырылған. Айдай аруларға алдымен арнайы шақыртылған сұлулық салоны қызметкерлері қызмет көрсетті. Шақырту алған құрметті қонақтардың қатарында алматылық Әлима Бейсенбаева да бар. 20 жыл бұрын жол апатына түсіп, жүруден қалған келіншек жігері жасымағанда. Ел қатарлы еңбек етіп, игі шараның бірін де қалдырмай барады.

«Қарап отырмын, біздің қыздардың көздерінің барлығы жанып, көктемнің келгенін сезіп тұр. Шараны ұйымдастырып, қолдап жатқандарға үлкен рахмет! Мастерлар біздің қыздардың барлығын тірі қуыршақ сияқты әдемілеп қойды. Соларды көргенде барлығы бір-бір отбасының гүлі, өздері өте сүйкімді, әдемі болып өздерінің сұлулығын айқындап тұрғандй өте ұнап отыр», - деді Әлима БЕЙСЕНБАЕВА.

«Әйелдерге деген махаббат» эстафетасы Алматы облысында бастау алған. Бұл жолғы кезек Алматыда. Мақсат мүгедектерді кемсіту емес, керісінше мүмкіншілігін арттыру. Өмірдің қиыншылықтарын сезініп көрген сұлулардың жігерін жану. Отырысқа келген ардақты арулдардың жартысынан көбі жұмыс істейді. Ал, кейбірінің үйден шығуға мүмкіндігі аз.

«Жұмыс істемеймін, үйде отырамын. Алматының шетінде тұрамын. Бұндай шараларға шыға беруге көп мүмкіндігіміз жоқ. Біздің шашымызды сәндеп, мэйк-ап жасап жатыр. Ондайды негізі бірінші рет жасатып тұрмын, көп шықпаймыз ғой біз. Былай өзіміз боянып жүре береміз шыққан кезде. Енді өте жақсы, керемет, өзімді кәдімгі жүріп жүрген сау қыздардай сезінесің де әдемі бір», - деді Гүлнұр НҰРЖАНОВА.

Бүгінгі сый-құрметтің барлығы мүгедек әйелдерге арналды. Сылқымдарға сый білдіруге 20-ға жуық жергілікті полиция қызметкерлері атсалысты. Түзде қатал көрінетін полицейлер қыздардың қасында қымсынды аздап. Ең бастысы әрбір нәзік жандының көңілін тапты.

«Шараға көп қыз-келіншектерді шақырғымыз келіп еді, бірақ тек 60 әйелді қатыстырдық. Бұл сан акцияның алғашқы бастауына аз емес деп ойлаймыз. Келер жылы да шараны жалғастырып, дәстүрге айналдырмақпыз. Әрі, оған қатысатын қонақтардың да санын жыл сайын арттырып отырамыз», - деді Алматы қаласы әкімінің отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі инспекторы Назира ТОҒЫЗБАЕВА.

Алматы қаласында 20 мың мүгедек қыз-келіншек бар. Ұйымдастырушылар шараны жыл сайын өткізіп, барлық мүмкіндігі шектеулі жанды қатыстырмақ. Сөйтіп, «Әйелдерге деген махаббат» эстафетасын алматылықтар Оңтүстік-Қазақстан облысына табыстады.

Айдана Мейрамбайқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

женщины
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир