Павлодар облыстық Мәдениет басқармасының басшысы мен оның отбасы жол апатынан көз жұмды

Павлодар облыстық Мәдениет басқармасының басшысы мен оның отбасы жол апатынан көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аққулы ауданы Черное ауылының маңындағы тас жолында жеңіл автомобиль мен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам қайтыс болып, екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жеңіл көлікте 37 жастағы Павлодар облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков және оның әйелі мен үш жасар баласы болған. Олар оқиға орынында дүние салды. Көлікте отырған 53 жастағы әйел адам да өмірден озды.

Жол көлік оқиғасы орынынан түрлі жарақаттармен 57 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел адам емханаға жеткізілді.

Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметінде растап, Ардақ Райымбековтың демалыста болғанын жеткізді.

Жедел жәрдем қызметінің мәлімдеуінше, шақыру түнгі сағат 00:14-те түскен. Оқиға орынына бірінші болып Черное ауылының дәрігерлері, Новоямышев және Аққу ауылының жедел жәрдемі жеткен.

Полиция жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуде. Барлық сараптамалар тағайындалған.


Новости партнеров