Елімізде көлікті онлайн түрде сақтандыруға болады

Елімізде көлікті онлайн түрде сақтандыруға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде келер жылдан бастап көлікті онлайн түрде сақтандыруға болады. Бастама Үкіметтен қолдау тапса, жүргізушілер құшақ құжат арқалап жүрмейді. Барлығы ғаламтор арқылы рәсімделмек. Осы тұста, жол сақшыларына тиісті құжатты қалай көрсетеміз деген сауал, көлік тізгіндеген көп азаматты алаңдатуы мүмкін. Оның жауабын әріптесім Назкен Байтілес біледі.

- Назкен, онлайн сақтандыруға қатысты мамандар қандай пікір айтады?

- Таяқтың екі ұшы бар, ғой. Әуелі, онлайн сақтандырудың тиімді тұсына тоқталайын. Егер бастама үкіметтен қолдау тапса, онда жүргізушілер қазіргідей көліктерін сақтандыру үшін түрлі компания табалдырығын тоздырып, келісім-шарт жасасу үшін уақыттарын жоғалтпайды. Үйде отырып-ақ, темір тұлпарларын сақтандыра алады. Ал, жол сақшылары құжаттарын тексерген кезде, олар қазіргідей тілім қағазды тексеріп әуре болмайды. Көлігін онлайн түрде сақтандырғандар біріңғай базада болады.

- Ал, тиімсіз тұсы қандай?

- Осал тұсы - алаяқтар көбейіп кете ме деген қауіп бар. Өйткені, тап осындай жүйені көрші Ресей мемлекеті қолданып көрген екен. Бастама күшіне енгені сол еді, жалған сайттар көбейіп, жүргізушілер әккі адамдарға алданып қалған. Меніңше, бұл жайтты біздің жауаптылар ескеруі тиіс. Әйтпсе, сақтандыру компаниялары жаңа жүйеге көшуге сақадай-сай отыр.

- Түсінікті, ендеше материалыңа назар аударайық.                


Келер  жылдан бастап темір тұлпар  тізгіндеген азаматтар, құшақ-құшақ қағаздан құтылып, көліктерін онлай түрде сақтандыра алады. Мұндай жүйеге көшуге

компаниялар қазірдің өзінде  жаппай сақадай-сай. Әйтсе де, мамандар заңнамалық нормалардың енгізілуі шарт дейді. Осы ретте, бұл мәселе алдағы күзде үкіметте қаралмақ. Ал жаңа жылдан бастап өз күшіне енуі мүмкін.

«Көлік жүргізушісі өзі қалаған компания арқылы онлайн түрде көлігін сақтандыра алады.  Ол үшін сайтта көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, онлайн төлем жасаса жеткілікті. Азаматқа ешқандай құжат берілмейді, тек смс-хабарлама немесе жеке поштасына әмбебап нөмір келуі мүмкін. Сол нөмірді біріңғай базаға енгізу арқылы полиция қызметкерлері тексеріс жүргізе алады»,- деді Сақтандыру Ассосациясының төрағасы, Виталий ВЕРЕВКИН.

Айта кетерлігі, қазір қаламыздағы бірнеше автосақтандыру компаниясы онлайн жүйе арқылы жұмыс істеуде. Дегенмен, мекеме рәсімделген қағазды азаматтың мекен-жайына жіберуі тиіс. Мамандар, бұл тәсіл қосымша уақыт пен қаражатты қажет етеді дейді. Сондықтан, олар тұтынушы мен ұсынушыға да тиімді болуы үшін үкіметтің де ат салысқаны жөн дегенді айтуда. Көршілес Ресейдің де сақтандыру компаниялары бет-бетімен өздігінше онлайн режимге көшіп, соңынан жалған сайттардың қаптап кеткені бізге сабақ болуы керек дейді.

«Жаппай онлайн жүйеге көшкеннен кейін, алаяқтардың да қаптап кетуі әбден мүмкін. Олар жалған құжат жасап, өз шоттарына ақша аударып алғаннан кейін жоғалып кетеді. Екі ортада көлік жүргізушісі опық жейді.  Сондықтан, сақтандыру компаниялары бірыңғай жүйе арқылы жұмыс істеу керек. Ал ол үшін сұрақтардың барлығы мемлекеттік деңгейде шешілгені дұрыс»,- деді Сақтандыру компаниясы басқарма төрағасының орынбасары, Владимир ЛИ.

Мамандар, онлайн сақтандыруды «егов» электронды  үкімет үйі  арқылы іске асырса ұтымды дейді. Өйткені, қатаң қадағаланатын порталға кім көрінген жалған жарнамасын тықпалай алмайды. Әуелі, плиоттық жоба ретінде бірнеше мекеменің жұмысын бір жылдай бағамдап, содан кейін жаппай компаияларды тартуға болады екен.

«Компания бұған дейін сақтандыру қағазына жұмсаған қаржысын, онлайн режимге ауысқаннан соң мекеменің техникалық және қауіпсіздік шараларына жұмсауына болады. Тіпті, тәуілік бойы азаматтар телефон арқылы ақпарат ала алатын аранайы орталық  құрсуына мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде жалған сақтандыру қағаздарын екі есе арзан бағаға ұсынатын алаяқтар бар. Ал онлайн түрінде бір ретке келтірсек, көлеңкелі эконоикаға да тосқауыл қойылады»,- деді Сақтандыру омбудсманы, Андрей КОПОВ.

Егер көлік жүргізушісі әмбебап нөмірден басқа, темір тұлпарының сақтандырылғаны жөнінде арнайы қағазды талап етіп жатса, компания оның міндетін орындауға тиісті. Әйтсе де, құзырлы орган қызметкері көліктің электронды түрде сақтандырылғандығын анықтауға міндетті. Бір анығы еліміздегі 21 автосақтандыру мекемесі  біріңғай базамен алдағы уақытта жұмыс істейді.

Назкен Байтілес, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров