Жыл соңына дейін ғалымдар елімізде латын әліпбиінің нұсқасын әзірлейді

Жыл соңына дейін ғалымдар елімізде латын әліпбиінің нұсқасын әзірлейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл соңына дейін ғалымдар елімізде латын әліпбиінің нұсқасын әзірлейді. Ал, Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап өтті. Елбасы келер жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауды алға тартты. Өйткені, еліміз 2025 жылға қарай толықтай латын әліпбиіне көшеді. Іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтардың барлығы да латын әліпбиімен басып шығарылмақ. Бұдан бөлек, президент «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды тапсырды. Жоба бойынша, алдағы бірнеше жылда әлемдегі ең үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару көзделіп отыр. Бұл жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім алуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін, Ұлттық аударма бюросын құру керектігін айтқан.

«Әр ұлттың өзінің ұлттық коды болады, сол ұлттық кодты сақтай отырып біз білім және ғылым саласын дамытуымыз қажет. Сондықтан, мынау сандық Қазақстан  және 3 тілді үйрету бағдарламасы өте жоғары мағынасына ие болып бара жатыр. Сондықтан, екінші бөлімінде Елбасы бізге тікелей тапсырмалар берді. Олардың бірі, мағынасы зор деп айтуға болады. Олардың бірі 2005 жылдан бастап біз латын алфавитіне көшуіміз қажет»,- Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, Дамир ШЫНЫБЕКОВ.

Ауқымды мақалада Мемлекет басшысы рухани құндылықтарды ұлықтайтын бірнеше тың бағдарлама мен жобаларды жасауды алға тартты. Мәселен, кезек күттірмей патриоттыққа тәрбиелейтін «Туған жер» бағдарламасы қолға алынбақ. Бағдарлама аясында экологияны жақсарту, елді-мекендерді абаттандыру және тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру сынды бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылмақ. Бұған қоса, «Қазақстанның киелі жерлерінің георгафиясы» да әзірленіп, тарихи орындар насихатталады. Ал, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы арқылы елдегі кіл мықты мәдениет өкілдерін дүниежүзіне таныстыру көзделуде. Сондай-ақ, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жасалады.

«Кез-келген ұлттың ерекшелігі де, болмысы да оның мәдениетінде. Сондықтан, бұл рухани жаңғыруға дәл қазіргі кезде мән берілуі - ол ерекше жағдай. Мысалы, қазір мына жаһандану процесі туралы көп айтылып келе жатырмыз. Мына батыстық үлгідегі мәдениет келіп жатыр бізге. Міне, осының бәріне тосқауыл болатын бұл ұлттық өзінің төл мәдениеті. Бұл еңбегінде елбасы осы рухани жаңғырудың мақсаты, барлығын егжей-тегжейлі айтқан»,- деді Қалалық мәслихат депутаты, Қали СӘРСЕНБАЙ.


Новости партнеров