Елімізде фермерлерге басымдық берілетін болды

Елімізде фермерлерге басымдық берілетін болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келер жылдан бастап фермерлерге басымдық беріледі. Оларға жағдай жасалып,  мемлекеттік қолдау жеті есеге өседі. Мұндай жаңалықпен  вице-премьерлікті ауыл шаруашылығы министрі лауазымымен қатар алып жүрген  Асқар Мырзахметов бөлісті. Үкімет сағатында ведомство басшысы  ауылшаруашылығы өнімдерін шығаратын  тауар өндірушілердің күрт артатындығына уәде берді. Мәселен, қазір 600 мың  қожалық талмай еңбек етіп, өз өнімін шығаруда. Енді қолдаудың арқасында 500 мыңға бірақ өседі. Ол үшін еліміздің әрбір фермері кооперативке қосылу керек. Сол жерден  жұмысына демеу, отбасына жебеу табады.  Толығырақ Үкімет отырысына барып қайтқан тілшіміз Айжан Шамшидиннің бейнематериалында.

Алдағы 5 жылда ауыл халқы тұрғындарының қосымша табысы - 300 млрд теңгеге дейін жетеді. Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған  жаңа бағдарламаны таныстырды.  Құжат  500 мың ұсақ шаруашылықты кооперативтерге біріктіріп, дайын өнім шығаруға мүмкіндік бермек. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдері 30 пайызға ұлғайып 1 трлн теңгенің тауары өндіріледі. Ал, олардың экспорт көлемі 17 пайызға ұлғаяды.

 «Бұл жерде қолданыстағы субсидия беру мәселесі мүлдем жоқ деп айтуға болмайды әрине. Жүйе бар. Бірақ мына субсидияны әкімшіліктердің берілмегендігінің бірден бір себебі,  биылғы жылдан бастап бір гектарға беретін субсидия  бағдарламасы басқаға ауыстырылды. Бірақ бұл бойынша көптеген наразылықтар туындады. Қазір бір арнайы топ қарап жатырмыз. Қараудың қорытындысын айтатын боламыз»,- ҚР премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылық министрі, Асқар МЫРЗАХМЕТОВ.     

Еңбек етемін  деп білек сыбана кіріскендерге шағын несиелер оңайлатылған жолмен беріледі. Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын екі жарым мың азаматқа қарыз беруді жоспарлап отыр. Енді ғана тәй-тәй басқан іскер болса кепілдіктің көлемі шағын несиенің 85 пайызын құрайды. Ал алпауыт тіс қаққандарға  50 пайыз.

 «Жаңа кәсіпорындар мен жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге 6 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 16 млн теңге шағын несие беріледі. Операторы  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры. Шағын несиелер екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржылық ұйымдар арқылы тікелей беріледі»,- деді ҚР Ұлттық экономика министрі, Қуандық БИШІМБАЕВ.

ҰБТ-дан сүрінгендерді де Үкімет жарылқамақшы.  Тамар Дүйсенова таныстарған «Өнімді еңбекпен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік « жобасы осыны көздейді.  Мәселен, тестті тапсыра алмай қалған түлек 15 пен 24 жас аралығында тегін  жұмысшы мамандықты оқып шығады. Берілетін мерзімі  екі жарым ай уақыт. Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға бірінші кезекте шенділердің назарын ауады.   Бұл уақыт ішінде талапкерге шәкіртақы төленеді. Мұндағы мақсат бұқараны жаппай оқыту.  Елімізде жоғарғы білімі жоқ азаматтарды  жоқтың қасы ету.

 Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан



Новости партнеров