|
02.08.2017 | 12:06
2361

Алматыдағы бірнеше көше бір бағытқа ауысады

Алматыдағы бірнеше көше бір бағытқа ауысады

Алдағы қыркүйекте Алматыдағы бірнеше көше бір бағытқа ауысады. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы  Мақсұт Исахов мәлімдеді. Өзгеріске сай, Шевченко және Құрманғазы көшелерімен көліктер тек бір бағытта қозғалатын болады. Шевченко көшесі бойымен Достық даңғылы мен Жароков көшесіне дейінгі аумақ батыс бағытқа қарай бір бағытқа ауысады. Ал Қонаев көшесі мен Жароков көшесіне дейін екіжақты веложол төселеді. Құрманғазы көшесіне келетін болсақ, Мұқанов пен Достық даңғылына дейінгі ара қашықтық шығысқа қарай бір бағытқа көшеді. Мұндай жол қозғалысындағы өзгерістер жол апатын болдыртпауға және Абай даңғылындағы кептелісті қысқартуға бағытталған.

«Біз транспорттық реформаның жүйесін әлі де жалғастырып жатырмыз. Соның аясында біз бір жаққа жүретін көшелерді енгізбекпіз. Ол Құрманғазы мен Шевченко көшесі. Шевченко көшесімен көліктер шығыстан батысқа қарай жүретін болады. Ал Құрманғазы көшесімен батыстан шығысқа қарай жүретін болады. Біз қыркүйек айында енгіземіз деп жоспарлап отырмыз»,- деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Мақсұт ИСАХОВ.

Сондай-ақ, алдағы уақытта қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтың ұзындығын 93 жарым шақырымға созу жоспарда бар. Алтынсарин мен Қабдолов көшелерінде салынатын арнайы жолақ 7 шақырымға ұзаратын болады. Сол арқылы Райымбек, Төле би және Абай көшелеріндегі қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтарды сол көшелер арқылы байланыстырмақ.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир