Сақташ Хасеновтың ісі сотқа жолданды. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Ол былтыр қарашада жеке компания басшысынан 5 млн теңге алып жатқан жерінен қолға түскен. Анықталғаны - әлгі кәсіпкер ел аумағына мың тонна тауық етін кіргізбек болыпты. Ал комитеттің экс-төрағасы Хасенов оған пара алу арқылы рұқсат берген. Осы қылмыстық іс бойынша алғашқы тыңдалым 25 мамырда өтпек.