Салтанат Нұртай:Елімізде "Қалың мал" бағасы қанша тұрады?

Салтанат Нұртай:Елімізде "Қалың мал" бағасы қанша тұрады?
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қалың мал қазақ халқының бұрыннан келе жатқан салт дәстүрі. «Қыз мұраты кету, жол мұраты жету», «Қыз өссе елдің көркі». «Қыз қонақ»,- деп қазақ халқы қыздарын қатты сыйлайды. Міне сол себептенде болар, қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп өсіріп бойжеткізеді. Кейін қыздарын тұрмысқа беріп жатады. Артынан төсек орын, қыз жасауын апарып береді.  Қай ата-ана болса да қыздарының барған жерінде тастай батып, балдай сіңіп кеткенін, бақытты болғанын қалайды. Құда түсу рәсімі келісілгеннен кейін, күйеу жағы қалың мал төлейді. Қалың мал – ұзатылған қыздың туыстарына жасайтын сый болғанымен, еліміздің әр қаласында өзгеше сый-құрмет көрсетіледі.



 Сурет: Valery Ayapov


Алматы, Алматы облысы 100 000 – 500 000тг аралығы

 

Алматы, Алматы облыстарында ең төменгі қалың малы – 100 – 150 мың теңге. Ал, ең жоғарғысы 500 мың мен 1 млн-ға дейін бар жатады. Киіт, алтын, күміс т,б бұйымдарды бұл жақтың құдалары екі жақта алдын-ала кездесіп ақылдасады. Сонымен қатар, Тіпті, кейбіреулері қыз жақ пен күйеу жақта қаржыларын қосып  ақылдасып екі жастың шаңырақ көтергендеріне сыйлық ретінде пәтер, авто көлік алып береді.


Сурет:Maxphoto

 

Шымкент, Тараз, Қызылорда  - 500 000  – 5 000 000 тг

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларының халқы салт-дәстүрді өте қатты ұстанады. Менің естуімше шымқалада бойжеткендердің Жоғарғы оқу орнында немесе колледжде оқығаны немесе орта мектепте ғана білім алғандары ескеріліп жатады дейді. Егерде дипломы бар болса онда ол қыздың бағасы көбірек, ал оқымаған болса төменірек болады екен. Сонымен қатар, қыз жасауы да осы артынан алып келген қалың малға да сай болу керек екен.

Мысалға, 1 000 000 теңге апарып жатса тіпті одан асып кетсе үйге қажетті барлық заттар апаруы керек екен. Тағы да, айтатын жайт қыз жасауына су жаңа төрт мезгіл киім-кешек, аяқ киім, бет әрлеп бояйтын опа, далап, косметикаларына дейін апарып береді.





Атырау, Ақтөбе, Семей – 100 000 тг – 1000 АҚШ доллары

Солтүстік, батыс аймақтарда қалың малдың нақты құны деген жоқ.

Атырау қаласында той малы деп ірі қара мал апарып береді. Ал мал ұстамайтындар ақшалай 100 мың теңге көлемінде апарады. Ана сүтінің парызы депте қаржылай 1000 доллардай береді. Содан кейін киіттесу дегендері бар. Қыз жақтың туыстарындағы әр  үйдің ерлі-зайыптыларына сыйлық жасап келеді. Тағы да, айта кететін жайт, бұл жақта қыздың ауылынан тізім келеді екен.

«Ақтөбенің қыздары тегін бе»,- жоқ, бұлай деген себебім, бұл өңірде «қалың мал» деген салт жоқ. Бұл жақтың халқы көбіне екі жастың бақыты үшін деп тойды дүркіретіп өткізуді ойлайды. Көбінесе тойға қатты шығынданады екен.   Басты қалың малдың кәдесі «Ана сүті» деп аталады. Мұның өзін шама-шарқылары келгенше, жағдайға қарай ең жоғарғысы 1000 доллардай, ал ең төменгі сомасы 100 мыңдай. Бірақта, менің естуімше бай, ауқаттылары бұл аталған сомалардан да жоғары әкеліп беріп жатады екен.

Семейде де қалың мал деген мүлдем жат екен. Бұл жақтыңда қалың малдарының ең бастысы «Ана сүті», «Әке күші» деп аталады. Осы екеуін қосып үстіне кілем жауып бір жылқы алып кеп береді екен, егерде мал ұстамаса ақшалай береді. Бұл жерде, қыздың ауылдастары мен туыстары үшін 20 метрдей мата алып келеді екен, мұның өзі 100 мың теңгеден кем түспейді екен.



 

Енді әркімде ұят болмасын, ел-жұрт бар деп, қолынан келгендерін апарады ғой. Балалары үшін әр ата-анада ішкен астарын төгеді емес пе. Бірақта қанша осылай ойласақта мен Қазақстандағы әр қалалардың келіндеріне апаратын қалың малдарына жасаған шолуымда әр жақтың салты, әртүрлі екеніне көзім жетті.




 Текст: Салтанат Нұртай


Редакция материал мазмұнына жауапты емес. Редакция автордың ойын бөліспеуі мүмкін. Барлық мақалалардың орфографикасы толығымен сақталған.



Новости партнеров