Ең ұзақ жаз мезгілі - 2017

10.11.2017 23:53

Алматы мың жылдан астам тарихы бар мәдениетімен, әсем табиғаты арқылы талайларды таңдай қақтырған сиқырлы қала. Бұл шаһардың сұлулығымен сымбатты күннен-күнге артып, құлпыра түсуде.

Әсем табиғаты, аспанмен астасып тұрған зәулім үйлері, мамыражай ауа райы барлығы адамның жан дүниесін тербетіп тұрғандай.

Осы тылсым табиғаттын керемет тұстарын сіз сезіндіңіз бе?

Жаздың жадырап тұрған ауа райында қай саябақта қыдырдыңыз?

2017 жылдың жаз мезгілі сізге қандай естеліктер қалдырды?

Шытырман оқиғаларға тап болдыңыз ба, әлде қызықты саяхатқа шықтыңыз ба?

Бір сәтте ыстық күндер аяқталып, орнына алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып түсіп, жер сары алтынға боялды.

Сары жапырақ, қоңыр салқын ауа райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық сізге қалай әсер етті?

Сол бір ғажайып көріністерді «Алматы» арнасының командасы Сіздің есіңізге тағы бір рет салады.

Себебі, әсем табиғаттың таңғажайып көріні «Алматы» арнасының бақылауынан тыс қалмады. «Ең ұзақ жаз мезгілі» біздің есте қалды! Ал сіздің ше? Бірге көрейік!!!