Жыл басынан бері 150-ден астам нәресте санавиация көмегімен құтқарылған

25.07.2018 22:00

Жыл басынан бері 150-ден астам жаңа туған нәресте санитариялық авиация күшімен құтқарылған. Аяғы ауыр, толғағы жақын әйелдерді шалғай ауыл, алыс мекендерден тиісті көмек көрсетуге қауқарлы перзентханаға немесе ауруханаға әуе кемесімен жеткізген. Дегенмен, «Қазавиақұтқару» басшысы қызметте жағдайы мүшкіл науқастарды тасымалдайтын «аспан көлігінің» аз екенін айтады. Әсіресе, тікұшақтар жетіспейді. Ал техника санын арттыру үшін 130 миллиард теңге қажет екен.


«Бір жыл бұрын, мен өз қызметіме кіріскенде, техника санын көбейту керегін бірден айттым. Үкіметке дейін жеттік, олар бізді қолдады. 2019 жылдан бастап арнайы әуе кемелерін сатып алу туралы жол картасы қабылданды. Оның аясында өрт сөндіру, санитарлық авиацияның жеке құрамын, жүгін тасымалдайтын ұшақ, тікұшқатар сатып алатын болдық.  Жол картасы құр құжат ретінде қалмай, іске асады деген үміттемін», – деді ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Андрей КОСОЛАПОВ.