Сара Назарбаева: педагогтар рухани бай болуы тиіс

Сара Назарбаева: педагогтар рухани бай болуы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Педагогтар рухани бай болуы тиіс. «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева орталықта біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдермен кездесті. Олар білімін жетілдіру үшін еліміздің әр өңірінен келген. Дәстүрлі кездесу биыл алғаш рет дәріс алушылармен ұйымдастырылып отыр. Оған ұстаздар өздері ниет танытқан. Басқосуда бала тәрбиесі, мұғалімнің қоғамдағы рөлі, адамзаттың жан тыныштығы сияқты мәселелер сөз болды. Сондай-ақ педагогтар бағдарлама авторына өз сауалдарын қойды.

«Өз жан дүниеңе үңіл. Сені бақытты еткен не, бақытсыз еткен не? Осыдан соң сен балаларыңа дұрыс тәрбие бересің. Оның үстіне мұғалім болсаң, мектепке, балабақшаға, жоғары оқу орнына білім алуға келген балаларды тәрбиелейсің. Сондықтан айтарым, жалпы адамгершілік құндылықтар барлық сабақта, барлық емтиханда, қабылдау емтихандарында бірінші орындағы пән болуға тиіс», - деді «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті Сара НАЗАРБАЕВА.


Новости партнеров