Дәл осы «Астана ардағым менің» байқауында үздік деп танылғандардың тағы бірі-сәулет саласында еліміз үшін өлшеусіз үлес қосқан Ақмырза Рүстембеков. Ол- Қазақстан Республикасының суретшілер одағынын президенті, еліміздің еңбек сіңірген қайреткері. Құрметті қонакты біз студиямызға арнайы шақырдық.
Қош келдіңіз Ақмырза Исаұлы!
1. Әңгімені әуелі астанаға жұмсаған еңбегіңізден бастасақ. Жаңа қаланы тұрғызу, оның символы «Бәйтеректі» әлемге таныту жолы қаншалықты жауапты, қаншалықты қиын жұмыс болды? Оның үстіне елордадағы әрбір нысанды елбасының өзі тікелей қадағалап отырғаны тағы бар?
Әр шығармашылық адамның армандаған оқиғасы деп есептеймін. Әрине жаңа қала. Жаңа қалада көзге түсетін символдық ғимарат салу, ол үлкен жауапкершілік деп есептеймін. Елбасының тікелей бастауымен, қолдауымен келген дүниелер. Астана – дүниежүзіндегі жаңа, жарқын қала деп есептеледі ғой. Қиындығы да болған шығар.
2. 20 жасқа енді ғана толған қалаға әлем халқы сүйсіне қарайды. 2000-ыншы жылы тұрғызылған нысандардың архитектуралық келбеті қазіргі заманның да көшіне ілесіп тұр. Арқадағы қаланың әлемдегі өзге шаһарлардан қандай ерекшелігі бар?
Әр ғасырда бір қала келетін шығар. Астана елордасы болып өте жиі кездесетін тарихтағы жағдай ғой. Жаңа қала, жаңа көзқараспен салынған. Көптеген пікірлер бар. Бұл Еуразия материгінде көптеген мәдениеттердің қиысқан жерінде туындап отырған қала ғой. Сол себепті, мұнда көптеген стильдер бар.
3. Кез-келген шаһардың бас жоспарында мазмұн бар, астана қаласының сәулеті нені білдіреді деуге болады?
Қала құрылысы болсын, сәулет өнері болсын, тіпті болмаса басқа өндіріс болсын жаңа құрылыс материалдары, жаңа технологиямен туындаған көптеген жаңалықтардың бәрі бүгінгі ғимараттарға еңгізіліп жатыр. Негізгі мазмұны, негізгі сырт бейнесі бәрі жаңа деп есептеледі.
4. Астанада әлі де қандай жобаларды жүзеге асыру керек деп ойлайсыз? Көкейде жүрген туындыңыз болса, біздің арнаның көрермендерімен бөлісе кетсеңіз.
Астана – жалғыз біздің еліміз емес. Еліміздегі шығармашылық азаматтардың, бәрінің арманы. Әлі де көптеген жаңа туындылар болады.
Әңгімеңізге рахмет. Құрметті көрермендер, студияда қонақта болған суретшілер академиясының президенті, еліміздің еңбек сіңірген қайреткері Ақмырза Рүстембеков.