Саят Шаяхметовке қатысты сот үкімі шықты

03.05.2017 15:54

Астанада білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовке қатысты сот үкімі шықты. Қазы қаулысымен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, дүние-мүлкі толық тәркіленбек. Саят Шаяхметов Өскемендегі мектеп құрылысына бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталған. Тергеу кезінде оның 1 млрд теңгеге жуық қаражатты талан-таражға салғаны анықталды. Осыған дейін, бұл іске тағы 3 адамның қатысы бары айтылған еді.