Селфи жасамақ болған әйел Қаскелең өзеніне ағып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысындағы Қаскелең өзеніне 35 жастағы әйел ағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайғылы оқиға кеше Қаскелең қаласындағы «Нұрлы тау» демалыс орнында болған. Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары әйелдің денесін кешкі сағат 9-дан бастап іздеген.
«Үш сағаттан соң марқұмның денесі құлаған жерінен қашық жерден табылды. Іздестіру жұмыстары күннің батуына байланысты біраз уақытқа созылды. Әйелдің денесі су астындағы қоқыс пен бұтақтарға оралып қалған», – деді РЖҚЖ құтқарушы медбикесі Екатерина Клочко.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел тас үстіне шығып суретке түспек болғанда байқамай өзенге құлап кеткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33